Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗІП, АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТУ - ЕЛ ТАҒДЫРЫН ШЕШЕТІН ТАРИХИ СӘТ

Уақыты: 01.05.2022
Оқылды: 2131

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды.

Бұл ұсынысты толық қолдаймыз әрі уақытында қолға алынған игі бастама деп білеміз. Президенттің өз сөзінде айтқанындай референдум әрбір азаматқа ел тағдырын анықтау ісіне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік ел үшін де, жер үшін де аса маңызды.

Біз өз кезегімізде осы бір ұсынысты қолдай отырып, мүмкіндігімізді де пайдаланбақпыз. Президент, сондай-ақ, бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болатындығын айрықша атап өтті. Шынымен де, осыған дейін кей тұсы көлеңкеленіп келген істің беті ашылып, халыққа түсінікті, ұғынықты жұмыс істемек. Осы орайда біз Президентті қолдай отырып, мемлекет үшін қабылданатын ерекше шешімдердің куәсі, тарихтың бір парасында жазылатын оқиғаның себепкері болмақпыз. Бұл - жарқын болашаққа бастар оң бағыт. Сондықтан да қолдауға дайынбыз.

Шара НҰРҒАЛИЕВА,

Көксу аудандық кітапханасының қызметкері

Алматы облысы