ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! ҚУАНЫШЫМЫЗДА ШЕК ЖОҚ

Уақыты: 03.05.2022
Оқылды: 1716
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында: "Егер халық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деген ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын", - деген болатын.

Осыған орай қала тұрғындары, жалпы қазақстандықтардың басым көпшілігі өздерінің оң пікірлерін білдірді. Кейін Қапшағай қалалық мәслихатындағы тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтіп, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды.

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай Қонаев қаласы деп аталғанын естіп, тағы бір мәрте қуанып, бір-бірімізді құттықтап жатырмыз.

Ендігі кезекте қаланың атына заты сай болып дамуы үшін көптеген жұмыстар жасалуы керек. Оған, әрине, жергілікті атқарушы органдармен қатар қала тұрғындары да өз үлестерін қосуы керек. Қонаев қаласының тұрғындарын және барлық отандастарымды жаңа атаумен құттықтаймын!

Е.НҰРПЕЙІСОВ,

Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты,

Д.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алматы облысы