АЙБАРЛЫ ӘСКЕР - АШЫҚ АСПАН КЕПІЛІ. 7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Уақыты: 06.05.2022
Оқылды: 1753
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ барша жетісулықтарды 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

"Қадірлі отандастар, құрметті жетісулықтар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері құрылып еді. Содан бергі уақытта Отанымыздың шекарасы мен тыныштығын айбынды ұл-қыздарымыз қорғап келеді!

Айбарлы әскер – ашық аспанымыздың, мемлекет іргесінің бекемдігінің кепілі. Қазір біз жас буынға Отан қорғау әр азаматтың қасиетті парызы екенін ұқтырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруымыз керек.

Ұлы Даламыздың әр уыс топырағына жауынгерлік рух сіңгеніне тарих куә. Сол өрлік  өшпесін! Мереке құтты болсын!" - деді Қанат Бозымбаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"