КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 09.05.2022
Оқылды: 1612
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматыдан солтүстікке қарай 114 шақырым жерде, Кербұлақ ауданы аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кеше түскі сағат 13:31-де Білім және ғылым министрлігінің сейсмикалық стансылар желісі жер сілкінісін анықтады. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстікке қарай 114 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.7. MPV магнитудасы - 4,4.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"