АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ТАҒЫ ДА ЖЕР ДҮМПУІ ТІРКЕЛДІ - МИНИСТРЛІК

Уақыты: 12.05.2022
Оқылды: 1271
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 28 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 199 шақырым қашықтықта, шамамен Кербұлақ, Панфилов аудандары аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9, магнитудасы – 4,5. Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"