Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

КОНСТИТУЦИЯ ХАЛЫҚ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕУІ ТИІС. ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Уақыты: 17.05.2022
Оқылды: 1472

Биылғы жылдың 5 маусымында ел үшін елеулі оқиға орын алмақ. Конституцияға өзгертулер енгізуіне байланысты жалпыхалықтық дауыс беру өтпек. Осыған орай қоғам белсенділері белгілі мекемелерде түсіндіру, үгіттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Талдықорғандағы көпсалалы ауруханада Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу универститетінің оқытушысы Бақыт Кенесарықызы ақ халатты абзал жандарға референдум турасында айтып, оның өзектілігіне тоқталды.

– Тұрмысымызды жақсарту, өзіміздің өмірімізді жаңарту үшін бұл референдумның орны бөлек. Құқықты мемлекет болғаннан кейін әрбіреуіміз заңның өзгерген тұстарына өз үлесімізді қосуымыз керек. Сондықтанда бей-жай қарамай дауыс беруге тиістіміз, – деді өз сөзінде Бақыт Кенесарықызы.

Ақын Әміре Әрін: "Референдумда қандай мәселе болады?» деген сұрақтың туындауы орынды. Білесіздер, Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан үш жыл бұрын билікке келгенде бірден екі мәселені айтқан болатын. Ол әділетті қоғам құру және құлағы түрік билік орнату. Бұл да осы жұмыс аясында жасалып жатқан игі іс. Осыған дейін де заң болған жоқ емес, болды, бірақ дұрыс жұмыс істемеді. Ал Президентіміз Ата Заңнан бастап өзгертетінін және ол халық үшін жұмыс істейтіндігін айтты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, референдумға баруымыз керек және жүзеге асуына сеп болуымыз қажет. Сол жердегі сауалдарға жауап беруді, өз еркімізбен, жүрек қалауымызбен жасауымыз керек", – деді.

Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың директоры Жұмахан Мұқашұлы осы мәселе бойынша мекеме ішінде әлі де жиындар өтетінін, өз қызметкерлерінің ел ертеңіне үлкен сеніммен қарайтынын жеткізді.

Қали АСҚАР

Алматы облысы