БОРАЛДАЙДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК ПЕН ПОЙЫЗ СОҚТЫҒЫСЫП, БІР АДАМ ЖАРАҚАТТАНДЫ

Уақыты: 01.06.2022
Оқылды: 1088
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле ауданында жеңіл көлік пойызға соғылды.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 маусым күні таңғы сағат 6:00 шамасында Алматы облысының Боралдай – ЖЭО-2 учаскесінде болған. «Көлік жүргізушісі 35 вагоны бар маневрлік тепловозға жол бермей, өткелге шығып кеткен. Машинист жедел тежегішті басқан. Вагондардың рельстен шығып кетуіне жол берілмеді. Жеңіл автокөліктің жолаушысының қолы сынып, ауруханаға түсті, жүргізуші зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады компания өкілдері.

Қазіргі уақытта пойыз басқа локомотив арқылы жолдан шығарылды. Теміржол өткелі көлік қозғалысы үшін ашық. «Кірме жол ЖЭО-2-ге, тепловоз жеке меншікке тиесілі. Оқиғаның алдын ала себебі - көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзуы», - деп атап өтті компаниядан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"