ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Уақыты: 02.06.2022
Оқылды: 1055
Бөлім: КҮНДЕРЕК

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Текелі қалалық Мәдениет үйінде мерекелі шара өтті.

Жас өнерпаздар өз өнерлерімен қала жұртшылығын қуантып, тамаша көңіл-күй сыйлады. Бүлдіршіндерді қала әкімінің орынбасары Б.Тұғылбаев құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мереке аясында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, Текелілік еріктілер ойынға белсенді қатысқандарға сыйлықтар табыс етті.

Шара соңында балаларға тәттілер мен балмұздақ таратылып, өнер көрсеткен қатысушылар марапатталды. Осыдан кейін моноқаладағы емханада мерекелік акция ұйымдастырылды. Шара барысында ақ халатты абзал жандар келушілерді әуезді әнмен және ертегі кейіпкерлерімен қарсы алып, балаларға жеміс-жидек пен сыйлықтар таратты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"