ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭМБЛЕМАСЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 14.07.2022
Оқылды: 3691
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы эмблемасының эскизін әзірлеу бойынша конкурс жарияланды.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінен бастап Жетісу облысы эмблемасының эскизін әзірлеуге конкурс жарияланды. Байқаудың мақсаты – Жетісу облысының заманауи, ерекше, оңай танылатын эмблемасын әзірлеу, яғни, өңірдің бірегейлігін көрсететін логотиптің мағыналық, көрнекі және сөздік тұжырымдамасын жасау.

Эмблемада облыстың өткені мен бүгіні, сондай-ақ, өлкенің өзіне тән ерекшеліктері мен тарихи-мәдени мұрасы үйлесім табуға тиіс.

Байқауға суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, кез келген бастамашыл азаматтар қатыса алады.

Эскиз жобалары Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі 28, Журналистер үйі, 1023 кабинетте қабылданады. Анықтама үшін телефон: 8(7282)41 22 05.

Өтінім беру мерзімі: 2022 жылғы 18-29 шілде, сағ. 09.00-18.00.

Конкурсқа қатысуға өтінім (конкурстық жұмысты қабылдау кезінде толтырылады), түрлі-түсті түрде ұсынылған эмблеманың эскизі (қағаз нұсқасы 2 дана А4 форматта және электронды JPEG форматта, СD дискке жазылған) және түсіндірме жазба (эмблема идеясының сипаттамасы, түсі, пішіні, пропорциялары және басқалары).

Үздік эскизді білікті суретшілер, дизайнерлер, тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың тамыз айының басында шығарылады.

Жеңімпаз авторлардың аты-жөні байқау рәсімі аяқталғаннан кейін жарияланады.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы