Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 20.07.2022
Оқылды: 1604

Алматы және Жетісу облыстарында аптап ыстық болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Қазгидрометтің" ескертуі негізінде 22-23 шілде күні Алматы және Жетісу облыстарында 40-41 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысы ТЖД сіздерден үйден шықпауды сұрайды. Қатты ыстықтан зардап шексеңіз, дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты ыстық кезінде табиғи өрттің пайда болу қаупі артады.

Алматы облысының ТЖД  азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"