ҰЗЫНАҒАШТА АТЫС БОЛДЫ. ПОЛИЦИЯ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСЫ БАРЛАРДЫ ІЗДЕП ЖАТЫР

Уақыты: 05.08.2022
Оқылды: 2214
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта атыс болып, 3 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі қайтыс болды.

«4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталғандай, кикілжің жергілікті тұрғындардың арасында болған», - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"