КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ - МЕМЛЕКЕТ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Уақыты: 23.09.2022
Оқылды: 1018
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ата Заңымызға үлкен өзгерістер енгелі бері ертеңімізге, Жаңа Қазақстанға деген ішкі көзқарасымыз, жан дүниеміз өзгерді. Ол – балаларымыздың жарқын болашағының кепілі.

Президенттің қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында: «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс», - деген болатын. Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажеттігін атап айтты.

Бүгінде саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Осы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған болатын. Бұл Жаңа, Әділетті Қазақстан құру идеясының жарқын кепілі. Күні кеше кезектен тыс Президент сайлауын қараша айында өткізу туралы Жарлыққа қол қойылды. Сондықтан да, бүгінгідей геосаяси ахуал мен қымбатшылық қысқан қиын жағдайда елдің тыныштығын сақтап, халықты ауызбіршілікке ұйытып, сайлаудың әділ өтуіне атсалысу әрбір азамат үшін маңызды. Ол үшін саяси науқанның маңыздылығын ел ішінде насихаттау керек. Алдағы қараша айында өтетін саяси шараға жұдырықтай жұмылып, еліміздің тұтқасын ұстар Президентімізді халық болып сайлауға тиіспіз.

Нәйлә ҮМБЕТОВА,

«Құрмет» орденінің иегері

Талғар ауданы,

Алматы облысы