ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАПАНШАМЕН ҚАРУЛАНҒАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 28.09.2022
Оқылды: 1306
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда арнайы операция жүргізіліп, тапаншамен қаруланған ер адам ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz сайты мәлім етті.

«26 қыркүйек күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және Ұлттық ұланның «Бүркіт« арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, Талдықорғанда арнайы операция өткізді. Қала орталығындағы қонақүйлердің бірінде тәртіп сақшылары оқ-дәрінің толық жиынтығы бар тапаншамен қаруланған 38 жастағы ер адамды ұстады», - делінген ресми мәліметте.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"