ҮШТӨБЕДЕ ТЕГІН КИНОТЕАТР АШЫЛДЫ. ЖАСТАР ЖОБАСЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ

Уақыты: 30.09.2022
Оқылды: 1073
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алақай! Енді біз Үштөбе қаласында аспан астында кино немесе мультфильм көрсететін боламыз.

Тамыз айында "Zhas project" жобасына қатысып, 2500-ден астам жобаның ішінде жеңіске жеттім. Яғни, жобаға бөлінген 63 гранттың бірін 34-нші болып ұттым. Бұл да бір үлкен жетістік деп ойлаймын.

Осындай мүмкіндік беріп, жастардың идеясын қолдаған "Zhas project" жобасына алғысымды білдіремін. Қазіргі таңда 1 миллион теңге қаражатқа керекті құрал-жабдықтарды алып, жасөспірім балаларға тегін Үштөбе қаласында аспан астында кино мен мультфильм көрсетуді қолға алдық.

Эльвира АХМЕТҚЫЗЫ,

"BABY TIME" жобасының жетекшісі

Қаратал ауданы,

Жетісу облысы