ТЕКЕЛІНІҢ ПОЛИЦИЯСЫ ИТТІҢ КӨМЕГІМЕН 8 КЕЛІ ЕСІРТКІ ЗАТЫН ТАПТЫ

Уақыты: 30.09.2022
Оқылды: 1497
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Текелі қаласынын тұрғынынан есірткінің ірі партиясы табылды. Бұл туралы Рolisia.kz сайты хабарлады.

Күдіктінің тұрғылықты жерінен полицейлер қызметтік-іздестіру итінің көмегімен 8 келі, 80 грамм болатын гашишты тапты. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"