ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АТА ЗАҢНЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Уақыты: 26.10.2022
Оқылды: 1919
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Өлке тынысы" ЖШС-ның комплаенс-офицері Жанар Қабасова ұжымға Қазақстан Республикасы Конституциясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Комплаенс-офицер кезекті жоспарлы кездесуінде екі мәселе бойынша әңгіме өрбітті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын түсіндіру және «Өлке тынысы» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талқылау мәселелері қаралды.

Шарада бүгінгі таңда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторды цифрландыру ұйымдар мен мекемелердің мемлекеттік сатып алулар мен қызметтерді көрсету саласындағы қызметіне дұрыс мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сонымен қатар, цифрландыру нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жеңілдейтіні сөз болды.

Жиын барысында көтерілген сұрақтарға баяндамашы жан-жақты жауап берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"