БАЛҚАШ АУДАНЫНДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ТАЛАПҚА САЙ ӨТУДЕ. ЗЕЙНЕТКЕР ПІКІРІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 690
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Балқаш ауданының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып жатыр. Таң бозынан басталған саяси науқан барлық талапқа сай өтуде.

Балқаш аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Данияр Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда 22 сайлау учаскесі бар. Бұл учаскеде 18560 адам тіркелген.

Мәселен, Сайран Нұрайдаров есімді зейнеткер № 101 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады. «Бүгін, міне, барша Қазақстан халқының көптен күткен сайлау күні келіп жетті. Таңмен таласа тұрып, мен де ел қатарлы өзімнің дауыс беретін сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Мен үшін бұл сайлаудың орны бөлек. Өйткені, еліміз әлемде болып жатқан келеңсіз жағдайларға қарсы тұрып, Әділетті, Жаңа Қазақстанның құрылуына, еліміздің болашағының жарқын болуына мол мүмкіндік туғызады», – деді зейнеткер. Сондай-ақ, ол еліміздің жаңа бастамаларға қадам басатынына сенім артты.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Балқаш ауданы,

Алматы облысы