ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУҒА БІЗ ДЕ ҮЛЕС ҚОСАМЫЗ - АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 787
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаратал ауданы №525 сайлау учаскесіне таңмен таласа алғашқы болып өз таңдауын жасауға Қызықжан Жақыпов ақсақал келді.

Өз таңдауын жасаған сайлаушыға №525 учаскесінің төрағасы арнайы сыйлық табыстап, айтулы күнмен марапаттады.

- Елдің болашағы үшін саяси сайыс болып жатқанда үйде байыз тауып отыра алмадым. Бұл сайлаудың маңызы өте зор. Әділетті Қазақстанды құруға біз де өз үлесімізді қосуымыз керек. Сондықтан да бірінші болып келдім. Бүгінгі жауапты күннің аяғы оң нәтижелі болып, Қазақстанның болашағы арта берсін, - деді Қызықжан ақсақал.

Аталған сайлау учаскесінде 1496 сайлаушы бар. Ертемен келіп, дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Түске тарта да келушілер қатары азайған жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"