КЕГЕН АУДАНЫНДА ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ - ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 677
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы Кеген ауданының тұрғыны 101 жастағы Күлпара Шортанова сайлау учаскесіне жасы 50-дегі немересі Олжас Тақабаевпен келді.

Тақабаевтар отбасы бұл өңірге ұстаздар әулеті ретінде танымал. Күлпара әже көп жыл бойы мектеп директоры болып қызмет еткен. Көппен бірге өз таңдауын жасаған Күлпара әже: «Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын, ел билейтін азаматтарымыз көреген саясатпен қазақтың көсегесін көгертсін», – деген ақ тілегін айтты.

Кеген ауданында 18 608 сайлаушы тіркелген 34 сайлау учаскесі бар. Сайлау күні аудан тұрғындары үшін екі жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындар өздерінің бау-бақша өнімдерін саудаға шығарды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ