ДАУЫС БЕРУ ҮШІН АСТАНАДАН АРНАЙЫ КЕЛДІМ - МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 715
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Белгісі кәсіпкер, меценат, Мәжіліс депутаты Зәкіржан Кузиев Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы тіркелген мекенжайы бойынша келіп дауыс берді. Депутат бүгінгі күннің ерекшелігіне тоқталып, 20 қарашадан бастап өзгеріс болатынын айтты.

"Өте керемет. Тұрғындар белсенді. Мен арнайы өзімнің туған жерімде дауыс беру үшін келдім. Ұйымдастыру жағы көңілімнен шықты. Қызметкерлер де, бақылаушылар өз жұмысын жақсы атқаруда. Жаркенттік жерлестерім де республикалық шараға барынша ат салысып, таңертеңнен бастап келіп жатыр. Осының барлығы мені қуантып отыр", - деді депутат. 

Айта кетерлігі, Зәкіржан Кузиев еңбек жолын 1990 жылы «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде жұмыс істейтін 5-разрядты ағаш ұстасы ретінде бастаған. Бүгінде «Универсал» компаниялар тобы өндірісінің салалық құрылымы әртүрлі Қазақстан Республикасының қуатты өндірістік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда компаниялар тобында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. "Amanat" партиясының мүшесі. 2005 жылдан бастап «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС құрылтайшысы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"