ҚАСКЕЛЕҢДЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ЕҚЫҰ (OSCE) ӨКІЛДЕРІ БАРДЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 736
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаскелеңдегі №432 сайлау учаскесіне Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдері барды.

Учаскеде мерекелік көңіл-күй қалыптасқан. Ғимаратқа кіреберісте дауыс берушілерді танымал персонаждар костюмін киген аниматорлар қарсы алды.

Жалпы, Алматы облысы бойынша тұрғындарға 606 сайлау учаскесі қызмет көрсетіп жатыр. Олардың көпшілігінде бақылаушылар жұмыс істеуде.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ