ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ДАУЫС БЕРГЕННЕН КЕЙІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 799
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданындағы №81 сайлау учаскесі бойынша тіркелген сайлаушылар Қазақстан халқының болашағы үшін өз таңдауларын жасап, дауыс беруде. Таңнан бері сайлаушылардың қарасы үзілмеуде. Бұған ауа райының да тамылжып тұруы халықтың көңіл-күйінің көтеріңкі болуына оң әсерін тигізгендей. Сенім мен үміт басым.

Бүгінгі сайлауда Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов Алатау ауылдық округіне қарасты Алмалық ауылындағы №18 орта мектеп ғимаратында орналасқан №847 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.

- Аудан халқының осы күнді асыға күткені анық. Оны сайлаушылардың белсенділігінен байқауға болады.Ақсамайлы қарттарымыздан бастап, жастарымыз да жауапкершілікті сезініп, келешегіміз үшін өз таңдауларын жасауда, – дейді Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіханов.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру жұмыстары қалыпты жалғасуда.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы,

Алматы облысы.