ҚОНАЕВТАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ОРТА ЖАСТАҒЫ АЗАМАТТАР КӨП КЕЛУДЕ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 947
Бөлім: КҮНДЕРЕК

№ 942 сайлау учаскесінің төрағасы Баян Байбагисова сайлауға келушілер қарқыны жоғары екенін жеткізді. Сайлау учаскесіне тіркелген 1610 адамның осыған дейін 60 пайыздан астамы дауыс берді.

Барлығы 11 адам үйде дауыс беріп, 18 жасқа толған 8 жеткіншек өз болашақтары үшін шешім қабылдады. Аталған учаскеде 16 көше және көп қабатты 5 үйдің тұрғындары бар.

«Бүгін жауапты күн. Мен барлық кандидаттың бағдарламалары және ұсыныстарымен таныстым. Соған байланысты өз шешімімді қабылдап, болашағым үшін таңдау жасадым. Мемлекетіміздің ертеңін біз ойламасақ, кім ойлайды? Сондықтан, әр жас өз таңдауын жасауы тиіс. Мен ертеңіме сенемін!» – дейді 27 жастағы Дамир Валиханов.

Айтулы науқанға қатысқандардың 40 пайызы жасы үлкендер болса, орта буынды азаматтар 50 пайызды құрайды. Қалғаны - жастар.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қонаев қаласы,

Алматы облысы