ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1555
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еңбекшіқазақ ауданында 112 сайлау учаскесі орналасқан.

Дауыс беруге 181802 адам тіркелгенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Сағат 18:00-дегі аудандық сайлау комиссиясы штабының мәліметіне сүйенсек, аудандағы сайлаушылардың 71,0 пайызы өз таңдауларын жасап үлерген. Яғни, 129045 адам дауыс беруге қатысты. Әзірге ешқандай заң бұзушылықтар орын алмаған. Дауыс берудің аяқталуына да аз уақыт қалды. Сайлаушылар легі әлі де жалғасып жатыр.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы,

Алматы облысы