АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 70 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ САЙЛАУҒА КЕЛДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1558
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы тұрғындарының 70%-дан астамы сайлау учаскелеріне келді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Астана уақытымен кешкі сағат 18.00-дегі есеп бойынша, республика халқының 67,85%-ы дауыс беруге келді.

Алматы облысы тұрғындарының сайлау учаскесіне келу көрсеткіші дәл осы уақытта 70, 92 %-ды құрады.    

Сайлаушылардың дауыс беруі жөнінен көш басында келе жатқан өңірлер: Түркістан облысы (80,25%), Абай облысы (78,88%), Қарағанды облысы (77,8%).

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан өзге аймақтарда сайлаушылардың 70%-дан астамы өз таңдауларын жасап үлгерді.

Алайда еліміздің ірі қалаларындағы дауыс беру көрсеткіші айтарлықтай емес. Мәселен, Шымкентте – 59,56%, Елордада – 48,01%, Алматыда – 27,93%.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ