САН-ФРАНЦИСКОДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ЖҰМЫСЫН ЖАҢАДАН БАСТАДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1493
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде сайлау комиссиялары жұмысын аяқтады.

Айта кетейік, еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру Астана уақытымен 21:00-ге дейін созылды. Мұның сыртында Қазақстаннан сырт елдердегі 57 сайлау учаскесіндегі жұмыс жалғасты.

Мәселен, Сан-Францискодағы бір сайлау учаскесінің жұмысы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталды.

Еске сала кетсек, еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы бүгін таңғы сағат 7:00-де басталды. Кандидаттарға дауыс беру республикадағы 10 033 сайлау учаскесінің барлығында жүрді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ