ҚОНАЕВТА ТАҒЫ БІР СӘБИ ӨМІР ЕСІГІН АШТЫ - САЙЛАУ КҮНГІ ҚУАНЫШ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1593
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлау күні Алматы облысының перзентханасында тағы бір сәби дүниеге келді.

Бұл туралы Қонаев қалалық ауруханасының баспасөз қызметі мәлім етті.

"Бүгін перзентханамызда үш қуаныш болды. Барша қазақ еліне ерекше күнде шекесі торсықтай екі ұл, бір қыз дүние есігін ашты. Аналар өз дауыстарын берді, сайлаудан ешкім шет қалған жоқ. Дәрігерлер жұмыстарына білек сыбана кірісе жүріп, аналардың денсаулығына қарайлап жүріп, сайлауда да азаматтық позицияларын білдірді. Сағат 16.00-ге дейін екі ұл бала туса, кешкі 18.00-де София есімді қыз өмір есігін ашты. Барлық аналардың жағдайы жақсы, бірқалыпты", - деді баспасөз хатшысы Айна Мұқанова.

Бұған дейін дүниеге келген 2 ұл бала туралы ақпарат бергенбіз.

Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ

Алматы облысы