ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 22.11.2022
Оқылды: 1647
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Елеусізова Бота Серікқызы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бота Серікқызы 1975 жылы туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында «Надежда» агроөндірістік фирмасында бастаған. Мемлекеттік қызметті 2002 жылы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген селолық округі әкімі аппаратының маманы лауазымынан бастаған. Әр жылдары осы округ әкімінің орынбасары, әкімі болып еңбек еткен.

2019 жылдан Кеген ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Биыл қазан айынан бастап Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"