САРЫӨЗЕК ПЕН КӨКТАЛ АРАСЫНДА ЖОЛ ЖАБЫЛЫП, 19 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Уақыты: 23.11.2022
Оқылды: 2079
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментіне республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» тас жолының 40-ншы шақырымында қар құрсауында жеңіл автокөліктер тұрып қалғаны туралы қоңырау түсті.

Оқиға орнына «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен Сарыөзек ауылынан кезекші бөлімше барды. Нәтижесінде, Алтын-Емел асуында қар құрсауында қалған 12 автокөліктен 19 адам құтқарылды. 4 адам жылыту пунктіне орналастырылды. Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты азаматтардан алыс сапардан бас тартуды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және «112» қызметінің SMS-хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"