ҚОНАЕВТА ТАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС: АРХИТЕКТУРАҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 28.11.2022
Оқылды: 1203
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Болат Мұсылманбеков Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Болат Аманжолұлы 1963 жылы дүниеге келген. 1985 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «сәулетші» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Семей қаласының мемлекеттік жобалау институтында сәулетші болып бастаған. Әр жылдары «Аякөз ауыл құрылысы» мекемесінің жобалау-сметалық тобы бөлімінің басшысы, Аякөз аудандық атқару комитетінің сәулет бөлімінің топ жетекшісі, Аякөз қаласының сәулет және қала құрылысы бас басқармасының 1-категориялық сәулетшісі, «Алматы бас жоспар» жобалау институтының 3-ші дәрежелі сәулетшісі, Алматы халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінде бас сәулетші, Алматы облысы жобалау-іздестіру басқармасының көлемді-жоспарлау шеберханасының басшысы қызметтерін атқарған.

2000 жылдан бастап «Күмбез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"