АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА ТҰМАН ТҮСЕДІ, ЖЕЛ СОҒАДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 29.11.2022
Оқылды: 1349
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы және Жетісу облыстарында тұман түседі, жел соғады. Бұл туралы екі облыстың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«Қазгидромет» РМК-ның ескертуі негізінде 30 қарашада Жетісу облысының солтүстігінде, таулы өңірлерде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Екпіні 15-20, 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Алакөлдің оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Алматы облысында да жел соғып, тұман түседі. Мұнда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді көрсетеді деп күтілуде.

Төтенше жағдай өкілдері азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"