ГАЗ ҚҰБЫРЫНА АҒАШ ҚҰЛАП, МЫҢДАҒАН ҮЙ КӨГІЛДІР ОТЫНСЫЗ ҚАЛДЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 30.11.2022
Оқылды: 2483
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының әкімдігі Талғар ауданындағы бірнеше ауылдың көгілдір отынсыз қалуына байланысты түсініктеме берді.

«Бүгін сағат 18:45 шамасында Панфилов ауылындағы магистральдық газ құбырына ағаштың құлауына байланысты Тұздыбастау және Гүлдала ауылдарында орналасқан 5 мыңға жуық тұрғын үй көгілдір отынсыз қалды. Бұл газ желілері «Тәуекел газ» ЖШС сервистік мекемесіне тиесілі. Қазіргі уақытта бұл компания қызметкерлерімен қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жұмысты сағат түнгі сағат 24:00-ге дейін аяқтау жоспарланған. Осыдан кейін газ беру қайта жанданады», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Жұмыс барысы облыс басшылығының бақылауында болады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"