БІЛІКСІЗ КӘСІПКЕРЛЕР БАСҚАРҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Уақыты: 24.02.2023
Оқылды: 2505
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының қорытындысына арналған бирифнг өтті.

Біліксіз кәсіпкерлердің басқаруындағы медициналық мекемелер – облыстық кардиологиялық орталық және №2 қалалық емхана мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облыстық департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов мәлім етті.

– Лицензиясы мен жұмыс тәжірибесі жоқ бизнес субъектілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауы дәрігерлік кадрлардың азаюына, медициналық қызмет сапасының төмендеуіне әкеп соқты, – деп атап өтті сала басшысы.

Аталған жиында негізінен өткен жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылдың 2 айында жүргізілген жұмыстарды баяндалды.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ