Казино ойнағаны үшін 11 қызметкер жұмыстан кетті

Уақыты: 09.06.2023
Оқылды: 616
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қорғаныс министрлігі казино ойнағаны үшін 11 қызметкерді жұмыстан шығарған, деп  хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Рrotenge-телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін 305 мемлекеттік қызметкердің казиноға 507 миллион теңгедей ақша салғаны туралы ақпарат қоғамда қызу талқыланды. Тексеру кезінде олардың қатарында ішкі істер министрлігі, Қорғаныс және қаржы министрлігі, Жоғарғы сот, қаржылық мониторинг агенттігі мен антикор және әкімдік қызметкерлері болды. 

Телеграмм-арна жазуынша осы іске байланысты барлық көрсетілген ведомстваларға қандай шара қабылданғаны туралы сұрау салынған. Бірақ олардың ішінде тек Қорғаныс министрлігі жауап беріпті. Онда 63 әскери қызметшінің анықталғаны көрсетілген. 

Олардың 11-і жұмыстан шығарылды. Қалғандарының бір бөлігі тәртіптік жазаға тартылып, қызметтік шені бір санатқа түсірілді. Ал тағы бір бөлігі бұл жағдайдың бұрын болуына байланысты жазаға тартылған жоқ, - делінген министрлік жауабында. 

Еске салайық, бұған дейін шенеуніктердің ойынханада ұтылған 507 миллион теңгені қайдан алғанына қатысты экономика министрлігінің пікірін жазған едік.

Фото: көрнекілік үшін