Оқи отырыңыз
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында әкімдіктердің шаруалар алдындағы қарыз көлемін жариялады.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Министрдің айтуынша, әкімдіктердің шаруалар алдындағы субсидия қарызы 155,5 млрд теңгеге жеткен.
"Қазіргі таңда әкімдіктердің деректері бойынша фермерлердің алдындағы субсидиялау бойынша қарыздарды өтеуге деген қажеттілік 155,5 млрд теңге болып отыр. Фермерлер осы субсидиялар сомасын жылдың соңына дейін төлеуді сұрап отыр", - деді министр Үкімет отырысында.
Фото: ашық дереккөз