АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Уақыты: 01.03.2018
Оқылды: 1106
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. Қазіргі кезде Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы – әлемдік деңгейде азаматтық қорғаныс мәселелерімен нақты шұғылданады және өзінің құрамында Еуропа, Азия және Африканың 70-тен аса мемлекетін біріктіреді.

2018 жылы Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні «Азаматтық қорғаныс пен ұлттық құрылымдардың мақсаты – апаттармен күрестің тиімділігін арттыру» тақырыбында өтеді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты және төтенше жағдайлар қызметтерін болу мүмкіндігі бар төтенше жағдайларға дайындау мақсатында бұл мереке аталған ұйым мүшелерінің күштерін, бағыттарын үйлестіретін маңызды халықаралық акция болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Халықаралық азаматтық қорғау ұйымының жарлығына қосылу туралы» Заңы 1997 жылдың 31 қазан күні күшіне кірді. Қабылдау аясында Қазақстан осы мүдделі халықаралық ұйымға мүше болып кіргендігін анықтайтын мемлекетішілік процедураны аяқтады.
Қазақстан Республикасының ХАҚҰ мүшелігі халықаралық құрылымдармен жаңа ақпараттық байланыстарды қамтамасыз етті, оның геосаяси жағдайында тиісті орынға және басқа да Орталық Азия мемлекеттері арасында Азаматтық қорғаныс жүйесінде экономикалық дамуға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмология институты» ЖШС мәліметі бойынша Алматы облысы сейсмикалық қолайсыз, күші 6-9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін өңірде орналасқан.
Іс-шараларды уақытылы және сапалы өткізу мақсатында ағымдағы жылы Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылғанына 86 жыл толатындығын ескере отырып, 1 наурызда және ай бойы облыста Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының мақсаты, міндеті, негізгі ережелері және апат, зілзала, төтенше жағдайларды алдын алу және зардаптарын жою, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу мәселесі бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру, техника және қару-жарақтарды көрсету, конференциялар, семинарларды, конкурстарды, ашық сабақтарды, соғыс және еңбек ардагерлерімен, азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен кездесулерді, оқу орындарында, оқуға дейінгі мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда әңгімелесуді, Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған азаматтық қорғау құрылымдарының арнайы оқу-жаттығуларын және машықтануларын өткізу жоспарланып отыр.

 Облыстық төтенше 
жағдайлар департаментінің
 азаматтық қорғаныс басқармасы