Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді

Уақыты: 24.06.2024
Оқылды: 239
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Атырау облысының төтенше жағдайлар штабының дерегіне сүйеніп.

24 маусым сағат 8:00-дегі жағдай бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі (23 маусым 08:00-мен салыстырғанда):

  • Индербор ауылы: -11 сантиметр, су деңгейі – 737 сантиметр, шекті деңгейі – 845 сантиметр.
  • Махамбет ауылы: -10 сантиметр, су деңгейі – 914 сантиметр, шекті деңгейі – 850 сантиметр.
  • Атырау: -2 сантиметр, су деңгейі - 573 сантиметр, критикалық деңгей - 550 сантиметр.

Еске салайық, биыл сәуірде Жайық өзені арнасынан асып, Орал маңындағы саяжайларды су басқан болатын.

Фото: видеодан алынған кадр