Жұмыссыз қалғаныңыз үшін мемлекет өтемақы төлейді

Уақыты: 17.07.2024
Оқылды: 411
Бөлім: КҮНДЕРЕК

180 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 128,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы – 39 млрд теңге.

Заңға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына тең, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде еңбек министрлігі МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Фото: inform.kz