Оқи отырыңыз
Биыл ҰБТ-дан 1 балл жинап, елді шулатқан Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарланған еді.
Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.
"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.
Фото: instagram.com/erasyl.ualievv