Алдағы күндері елімізде күн суытып, жаңбырдың арты қарға ұласады

Уақыты: 13.09.2024
Оқылды: 419
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Синоптиктер Қазақстанның алдағы үш күнге – 2024 жылғы 14-16 қыркүйекке дейінгі ауа райы болжамымен бөлісті.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон әлі де сақталады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

"Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, республиканың шығысында түнде қарға айналуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі, 16 қыркүйекте топырақ бетінде -2°С дейін аяз болады", — делінген хабарламада.

Фото: freepik.com