Таңғы сағат 7:00-де Мемлекет гимнмен басталған №402 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Құмарғали Сүлейменов ақсақал мен зайыбы Хафиза Қалиясқарова апамыз келді.
- Еліміздегі әрқандай игі іске қашанда қолдауға дайынбыз. Әсіресе, ұрпағымыздың болашағы үшін жасалған қадамдарды құтпаймыз. Мемлекетті өркендету үшін, дамыған елдер қатарына жеткізу үшін жұдырықтай жұмыла еңбек етуге тиіспіз, - дейді атамыз.
Ал өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жүрген апамыз:
-Таңғы сағат 6-да тұрып осында келуге асықтым. Өйткені, балаларымыздың, немере-шөбереміздің жарқын күнде өмір сүргенін ойлаймыз. Ынтымақ пен береке, болашаққа батыл қадамдар соның кепілі, - дейді.
Қашанда қандайда бір игі істі ақсақалдың ақ батасымен бастайтын дәстүріміз бар. Құмарғали ақсақал көпшілікке бата беріп, референдумның нәтижелі өтуін сәттілік тіледі.
"Жетісу-Ақпарат"