Жетісу жері ауыл шаруашылығымен айналысуға қолайлы аймақ. Облыста қазір аталған сала бойынша еңбек ететін жергілікті шаруа қожалықтарының саны 20 мыңнан асты.
Осы саланы қолдауға былтыр 33,8 млрд. теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінген, оның 27,3 млрд. теңгесі субсидия. Десек те, шаруалар ертеңгі күнге сенімді емес. Бұл туралы Журналистер үйінде өткен брифингте айтылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелері бойынша жергілікті шаруаларға қолдау көрсету тақырыбы аясында «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры өкілдігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева мен Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков сөз етті.
Брифингте өткен жылы сабақ болған жүгері өткізу мәселесіне назар аударылды. Спикерлердің айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бүгінде осы бағытта біраз жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді. Мәселен, осыны шешу үшін салалық қауымдастықтар мен республикалық ет, сүт, құс өсірушілер одағы, құс фабрикалары, сүт фермалары және шошқа шаруашылықтарымен келіссөздер жүргізіліп, жүгері дәнін сақтайтын сыйымдылығы бар қоймаларды босату жөнінде хабарламалар таратылған. Бұл қазір шенеуніктердің де басты назарында.
Әлия Қасымханқызының сөзінше, шаруаларды тұрақты өткізу нарықтары мен егін сатып алу бойынша нақты жоспарлау мен жергілікті билік органдарында дағдарыс жағдайында іс-қимылдың әртүрлі хаттамасының болмауы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмен сатып алу бағасы, мемлекеттік орган сайттарында фермерлерден өнім сатып алуға бағытталған компаниялар мен операторлар бойынша ақпараттың жоқтығы, субсидияларды пайдалану тиімділігіне талдау жүргізілмейтіні, фермерлердің егінді сататынына сенімді болмай, дақылдарды интуитивті түрде отырғызатыны мазалайтын сыңайлы.
Аграрлық саладағы ахуалдың мониторингін негізге ала отырып, аталған қор белсенділері мынадай ұсынымдарды тұжырымдаған. Олар өз өнімдерін сату үшін саудагерлер арасында тікелей байланыс орнату, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым қорын жақсарту, ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасын арттыру, көкөніс, жеміс және бақша дақылдарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларын анықтау, облыс аумағындағы маусымдық көкөністер мен жемістердің жабайы сауда орындарына талдау жүргізу мен маусымдық саудаға жағдай жасау, белгілі бір жерде тұратын және сол жерде ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға жер телімдерін беру, жайылымдық жерлерді ескере отырып, мал басын реттеу мәселесі де өзекті.
Сонымен бірге, мемлекеттік қолдау көрсетудің жалпы цифрлық жүйесін құру және субсидия алушыларды бизнесті ашық жүргізуге ынталандыру, агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін қызметкерлердің құқықтарына қамқорлық жасау, суару каналдары мен су қоймалары сияқты су шаруашылығы нысандары үшін ШЖҚ дайындау кезінде құзыретті мамандарды шақырып, қоғамдық бақылауды жолға қою, мемлекеттік қолдау көрсетудің жалпы цифрлық жүйесін құру және субсидия алушыларды бизнесті ашық жүргізуге ынталандыру, агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін қызметкерлердің құқықтарына қамқорлық жасау мәселелері де алға тартылды.
Соңында бүгінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндаған Бахтияр Қалдыбатырұлы журналистер сұрағына жауап беріп, ой қорытты.
Айгүл Байжұмақызы
Фото: gov.kz