Көлік жүргізушілері қашанға дейін жазғы дөңгелектерін ауыстыруы керек екені белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Автокөліктер қысқы дөңгелекке ауыспаса, көлік иелері айыппұл төлейді.
Заң бойынша 1 желтоқсанға дейін қысқы маусымға дайындықты бастау қажет.
"30 қараша - еліміздегі барлық автокөліктің дөңгелек ауыстыратын соңғы күні. Олай болмаса айыппұл салынады. Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері - 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады", - деп жазылған мәліметте.
"Алдағы күндері ауа райы нашарлап, жаңбыр мен қар жаууы, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", – деді бұған дейін полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне ауыстырылуға тиіс. 1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес көлік иелеріне 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Полиция департаменті жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуді сұрайды.
Фото:autocapriz.com.ua