Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды,
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Іле-Алатау паркіне қарасты жабайы табиғатты қорғау және есепке алу жұмыстары аясында фототұзақ арқылы ерекше кадрлар түсірілді. Фототұзаққа сібір тауешкісі мен жабайы қабан түсті.
Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді. Алынған деректер болашақ зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жабайы табиғатты сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады, - делінген ақпаратта.
Фото: Видеодан алынған кадр