Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Уақыты: 29.11.2024
Оқылды: 228
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

​Алғы сөзінде вице-министр өңдеу өнеркәсібі саласында жетекшілік ететін және комуналдық-құрылыс салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілерді қолдау және Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін құрылғанытуралы айтты.

​Кездесу Талдықорған қ. «Тіл сарайы»ғимаратында өтті. Қатысушылар отандық тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуы, химия өнеркәсібін лицензиялау, энергия тарифтерін көтеру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т.б. қатысты сұрақтар қойды.

​Одан бөлек, «Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО дамыту тақырыбы қозғалды.

​Олжас Сапарбеков қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бизнес өкілдері айтқан мәселелер мен ұсыныстарды шешу үшін күшбіріктіру ұсынды.

​Жұмыс сапары аясында вице-министр сондай-ақ кәсіпорындардың қызметімен танысу мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС және «ASMA INDUSTRIAL» ЖК кәсіпорындарында болды.

Суретті түсірген Дмитрий Ерофеев