БІРҚАТАР ӨҢІРДЕ АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 29.11.2024
Оқылды: 375
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Астанада тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады. Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың таулы аудандарында найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүтігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болжанады.

Қарағанды облысының батысында тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

 Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.