Оқи отырыңыз
Бүгін, 14 қаңтарда Алакөл ауданында Үшарал-Достық тасжолында жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды.
Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көлікті тауып, ішінде отырған жүргізушіні Достық станциясына жеткізді.
Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі