"Алматы-Өскемен" автожолында 18 көлік жол апатына түсті

Уақыты: 15.01.2025
Оқылды: 249
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 18 көлік жол апатына түсті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

"Алматы-Өскемен" автожолының учаскесіндегі ЖКО туралы жедел ақпарат түсті. 2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 07:30 шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының ("Алматы - Қонаев" бағыты) 28-ші шақырымында 18 көлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Апат қалың тұман кезінде орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, апаттың себебі жүргізушілердің шектеулі көріну жағдайында жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауы болды.

Оқиға орын алған жол учаскесі ІА техникалық санатына жатады, 6 жолағы бар. Жол құрғақ, ақаулары мен бөгде заттары жоқ. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады.

Фото: Видео кадры