Биыл жаңадан мамандықдар ашылмақ

Уақыты: 24.01.2025
Оқылды: 256
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көксу политехникалық колледжі Көксу ауданындағы бірден- бір жұмысшы мамандығын дайындайтын оқу орны.

Биылғы жылы Президентіміз «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады. Бұл жаңалыққа ұжым да білім алушылар да қатты қуануда.

Бүгінгі күні колледжімізде алты мамандық бойынша 291 білім алушы оқуда.

Өткен 2024 жылы колледжімізде сұранысқа ие жаңа «Сумен жабдықтау» мамандығы ашылды. Бұл мамандыққа облыстық бюджет есебінен 35 млн теңге бөлініп, қажетті құрал- жабдықтар алынды.

Алдағы оқу жылында да екі жаңа  мамандық ашу жоспарлануда. Бірінші «Жылыжай шаруашылығы», оған облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлініп, жылыжай салынды, қажетті құрал- жабдықтар алынды және «Гидротехникалық мелиорация» мамандығын ашу жоспарлануда. Бұл мамандықтар қазіргі кезде сұранысқа ие.

Біздің  түлектеріміз оқуды бітіргеннен кейін  Көксу ауданының ірі кәсіпорындарына, шаруашылық қожалықтарына жұмысқа орналасуда.

Біз алдағы уақытта да Президентіміздің тапсырмасын орындауға аянбай еңбек етеміз.

Базарбек Дүйсебеков,
Көксу политехникалық колледжінің директоры

 

Еңбек адамының мәртебесін арттыру жүйелі жұмысты талап етеді

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын реформалау оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты салаларындағы мансаптық перспективаларды бағалауға, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Мектептерде кәсіптік бағдарлау қызметі күшейтіледі.

Білім беру мекемелері 1971 жылдан бастап, қаламыздағы  «Текелі кәсіптік колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен тығыз байланыста жұмыс жасайды

Атап айтқанда, мектеп пен колледж арасындағы үздіксіз сабақтастықты жалғау барысында үнемі «Ашық есік күндерін», түрлі іс-шараларды, семинарларды оқушыларымыз бірлесе атқарып, атсалысып келеді.

9,11 сынып оқушылары арасынан 300-ге жуық студент, аталған колледжге жыл сайын мемлекеттік грантқа түсіп:

- зертханалық технология,

-есептеу техникасы және ақпараттық желілер,

- электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану,

- дәнекерлеу ісі,

-автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану,

- қонақ үй бизнесі,

- тамақтандыруды ұйымдастыру,

-туризм мамандықтарына  ие болады.  

Сонымен қатар,  әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында біздің студенттердің жол жүру ақысы, ыстық тамақпен қамтылуы тегін.

Елбасымызды қолдай отырып, біздің қоғамда еңбексүйгіштік пен кәсібилік құндылықтары әрқашан бірінші орында.

Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін арттыру үшін, жүйелі шаралар қабылдауды жалғастырамыз.

Нұрлан Нүсіпбеков,
Текелі қаласының білім бөлімінің басшысы

 

Қаратал ауданында оқу өндірістік комбинаты жұмыс істейді

Биылғы жылы өздеріңізге белгілі 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бекітті.

Осығай орай Қаратал аудандық білім бөліміне, білім саласына қатысты биылғы жылы жұмысшыларды оқытатын ауданымызды оқу өндірістік комбинаты жұмыс істеуде.

Бұл оқу өндірістік комбинаты 1984 жылдан бастап жұмыс істеуде. Ол бойынша биылғы жылы ауданымыздың 8 мектебінен 477 оқушымыз осы оқу өндірістік комбинатында дәріс алып, оқып жатыр.

Оқушыларымыз 10-11 сыныптарда екі жыл қатарынан оқиды.

Қосымша берілген білім бойынша сертификаттарын алып шығады.

Олар: Дәнекерлеуші, аспазшы, шаштараз, операто ЭВМ, менеджмент, бухгалтерлік есепші деген мамандықтар бойынша оқиды.

Қаратал ауданында екі колледж жұмыс атқаруда. Оның бірі Үштөбе қаласынын гуманитарлық колледжі.

Ол жерде біздің осы білім саласына қатысты мамандарды оқытады.

Мектепке дейінгі ұйым, бастауыш сынып, оқу әдістемесі осы үш мамандықта жұмысшыларды шығаруда.

Оның сыртында Бастөбе сервистік-техникалы колледжіде үлкен, талай жылдан бері жұмыс атқаруда. Бастөбе сервистік колледжінде де аспазшы, электромонтер, автокөлікті жөндеу слесарьі, ағаш ұстасы, паркет жұмысының шебері, электр газымен дәнекерлеуші секілді қарапайым жұмысшыларды дайындап оқытуда.

Биылғы жылы осындай үлкен жылмен, атауымен бекітілген жылда біздің де Қаратал ауданының білім саласы өзінің үлкен үлестерін қосуда.

Жандос Теңелбаев,
Қаратал ауданының білім бөлімінің басшысы

Фото: 24.kz