Талдықорған полиция бастығы кабинетіндегі қыз зорлау оқиғасы: тың деректер ашылды

Уақыты: 07.02.2025
Оқылды: 2838
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевтың жәбірлеуіне ұшыраған қызға қатысты сот ісі қаралып жатыр. Ол "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталып отыр. Сонымен қатар, оның сүйіктісі мен сот хатшысы да айыпталушылар қатарында

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына (редакцияның қолындағы) сәйкес, Күштібаевқа қатысты сот процесі жүріп жатқан уақытта, оның жұбайы жәбірленушіге 40 миллион теңге беріп, айғақтарын өзгертуін сұраған. Бұл қаражат сот хатшысы арқылы табысталған. Алайда жәбірленуші ақшаны алғанымен, айғақтарын өзгертпеген, нәтижесінде Күштібаев "Қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлау" бабы бойынша 11 жылға сотталған.

Бұл ретте сот хатшысы құқық қорғау органдарына жүгініп, жәбірленушіні, оның адвокатын және Күштібаевтың әйелін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Бұл іс бойынша "Параға сатып алу" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленуші күдікті ретінде танылды, ал сот хатшысы - қорғау құқығына ие куәгер мәртебесінде.

Тағы бір қылмыстық іс "Алаяқтық" бабымен қозғалды, онда сот хатшысы, жәбірленуші және оның сүйіктісі күдікті болып танылған, ал Күштібаевтың әйелі жәбірленуші мәртебесінде.

Көксу аудандық сотында бұл істер бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Адвокаттар екі істі біріктіріп, тергеуге қайта жіберуді сұраған, бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Келесі сот отырысы 13 ақпанға белгіленген.

Фото: zhetysu.gov.kz